{metadescription}
Ақмола облысы: Жақсы ауданында жаңа жылу қазандығы іске қосылды
Ақмола облысы: Жақсы ауданында жаңа жылу қазандығы іске қосылды

Ақмола облысы: Жақсы ауданында жаңа жылу қазандығы іске қосылды

Ақмола облысы Жақсы ауданында жаңа жылу қазандығы іске қосылды. Бұрын аудан тұрғындағы қос қабатты үйлерге шелекпен көмір тасып, күл шығаратын. Бұдан былай ондай бейнет көрмейді. Сондай-ақ жаңа салынған шағын аудандағы 17 көп қабатты үй мен бірнеше әлеуметтік нысан да енді осы жерден жылытылады.

Құрылысына облыс бюджетінен 300 миллион теңге жұмсалған жылу қазандығы 202 пәтерді, аудандық әкімдік пен мәдениет үйінің қыстан жылы да жайлы шығуын қамтамасыз етеді. Бұл нысанда жаңадан сегіз жұмыс орыны ашылып, халыққа қызмет етуін бастап кетті.

Еламан Қарашин, Жақсы ауданы ТКШ басшысы:

Биыл облыс әкімнің қолдауымен облыстық бюджет қаражатынан блокты-модульдік қазандықты орнатуға қаражат бөлінді. Осы қазандықты орнатудың басты себебі: шағынаудандарда үш жаңа көп пәтерлі үй қосылды.

Қазандық 25 қыркүйектен бастап әлеуметтік нысандарға жылу бере бастаса, 1 қазаннан бері тұрғын үйлерді жылыта бастады. Үйі жылынып, көңілі жайланған тұрғындардың әкімшілікке алғыстан басқа айтарымыз жоқ дейді.

Людмила Шилиня:

Бізге, міне, жылу мен су тартып берді. Ауламызды да абаттандырып қойды. Үйіміз жылы. Тіпті ыстық деуге де болады. Бұрын қиын болатын. Қыс мезгілінде екінші қабатқа көмір тасушы едік. Су да болмайтын үйде. Қазір бәрі жақсы.

Қыстың көзі қырауда көмір сатып алып, оны екінші қабатқа көтеріп, пеш жағып, су тасудың машақатын көріп келген тұрғындардың көбі зейнет жасындағы адамдар. Олар үшін биылғы бұл өзгеріс – бөркін аспанға ататындай қуаныш.

Ақболта Жәпимова, Жақсы ауданының тұрғыны:

Осы жылудың арқасында қазір үйімізде жылы, жайлы. Үйіміз өте жылы деп айтуға болады бүгінгі таңда. Бұрын оның алдында жылу өткізбей тұрып, анау жақтан көмір таситынбыз. Қазір жұмыс жеңілденді. Біз бәріміз бұл үйдің тұрғындары зейнет жастағы және жұмысбасты адамдар болғандықтан, бізге бұл орталықтандырылған жылудың өте көмегі жақсы болып тұр. Өте тиімді.

Қытымыр қыс келгенде жағдайдың қандай боларын уақыт көрсетеді. Дегенмен алыстағы аудан тұрғындарының орталық жылу жүйесіне қосылуы қуантарлық жағдай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.