{metadescription}
Әлем рекордсмендері қазақ туы бейнеленген шармен 900 метр биікке көтерілді
Әлем рекордсмендері қазақ туы бейнеленген шармен 900 метр биікке көтерілді

Әлем рекордсмендері қазақ туы бейнеленген шармен 900 метр биікке көтерілді

Әлем рекордсмендері қазақ туы бейнеленген алып әуе шармен 900 метр биіктікке көтерілді. Алматы аспанында қалықтаған ұшқыштар —  британдық 57 жастағы Алмут Даннингтон мен бразилиялық  31 жастағы Лайс Пиньо. Олармен бірге жоғарыға тағы төрт әуе шары көтерілді. КТК тілшісі тамаша көріністің куәсі болды.

Қазақстан аспаны әлемдегі рекордтар тізіміне енді. Әуе шарымен ұшқан елдер саны бойынша әлемдік рекорд орнату үшін келген қос ұшқыштың бірі Альмут Даннингтонге Қазақстан 117-ші ел. Ол аэронавтикадан әлем рекордына ие болған жалғыз әйел. Альмуттың марқұм күйеуі ұзақ жыл бойы осы хоббимен айналысқан, тіпті 1999 жылы Қазақстанға да келіпті.  Бүгінгі ұшуын Альмут күйеуі екеуінің ортақ естеліктеріне арнайды.

Альмут Даннингтон, Германиядан келген ұшқыш:

Мен 34 жасқа дейін ұшпадым. Алғаш рет Оңтүстік-Шығыс Азияда көкке көтерілдім. Сол шардың тізгінінде менің болашақ күйеуім болды. Сонда мен тек аэронавтикаға ғана ғашық болдым.

Ал бразилиялық Лаис Пиньоның бұл саладағы тәжірибесі 13 жыл.  Өзінің экстремалды стилі мен парашютпен секіруі үшін ол бүкіл әлемде «жынды ұшқыш» деген лақап атқа ие болған.

Лаис Пиньо, Бразилиялық ұшқыш:

Бірінші рет ыстық ауа айрэстатында 10 жасымда ұштым, Балалық шағымды ұшумен өткіздім , мен 18 жасқа толғанда лицензиясы бар ұшқыш атандым. Осы кезге дейін 11 мемлекетте ұштым. Алматы өте әдемі қала екен. Бұл мемлекетке алғаш рет келіп тұрмын. Әуеде сіздердің туларыңызды, әуе эйростатында көрсете алғаныма қуаныштымын.

Алып шарлар әуеге көтерілмес бұрын тыңғылықты дайындықпен қатар тексеруден өтеді екен. Ең алдымен шарды жерге жайып, ішін салқын ауаға толтырады. Сосын газбен қыздырып, әуеге көтереді.

Сәл жүрексініп тұрмын. Тәуекел. Қазір, міне, өздеріңіз куә болғандай,  шар үріліп, ауа толтырылып ұшуға дайын болды. Аздан соң бізде көкке көтеріліп, ару Алматыны биіктен тамашалайтын боламыз.

Міне, біз шамамен 500 метр биіктіктеміз. Әрине, әуе шарында қауіпсіздік ережелері сақталған. Ал алған әсер тіпті керемет! Сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Жиналған шардың салмағы 350 кг, ал оны құрастыру 30 минутты алады екен. Ұшу ұзақтығы екі сағатты құрады. Ал рекордшылар мінген шардың жеткен максималды биіктігі 900 метр болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.