«Көңілдің қоңырауы». Алматыда ақын Қуат Қайранбаевтың шығармашылық кеші өтті
«Көңілдің қоңырауы». Алматыда Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Қуат Қайранбаевтың шығармашылық кеші өтті. Әдеби, сазды жиынға әнші, композитарлар мен ақын-жазушылар жиналды.
Автор: Әсем Лесбек
04.10.2024
Кештің шымылдығын жас дарындар автордың поэзиясымен ашты. Әсерлі әндері айтылып, жырлары оқылды. Биыл 63 жасқа толған Қуат Қайранбаевтың «Жан жылуы», «Дариға дәурен», «Шұғыла», «Жолайрық» сынды 20-ға жуық кітабы бар. Жақында «Аға» деп аталатын романы жарық көріп, оқырмандардың жүрегінен орын алды. Ақын онда ел мен жердің қадір-қасиеті, ата-бабалардың жанкешті ғұмыр кешкен дәуірін арқау етіп, тарихқа да үңілген. Автор өзіндік қолтаңбасымен қазіргі қазақ әдебиетінде ойып тұрып орын алған.
Қуат Қайранбаев, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист:
— Осы күнге дейін не істедім, не қойдым, не жаздым, не тындырдым деп, ел алдында бір есеп берсем деген мақсатпен осы кешті ұйымдастырып жатырмыз. Өлең, поэзия — асыл, құнды дүнием. Ал енді соңғы жылдары прозаға қалам тартып жүрмін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!