{metadescription}
Дау–дамайсыз: 33 жыл бойы қай елдің азаматы екенін білмей жүрген әйел көмек сұрады
Дау–дамайсыз: 33 жыл бойы қай елдің азаматы екенін білмей жүрген әйел көмек сұрады

Дау–дамайсыз: 33 жыл бойы қай елдің азаматы екенін білмей жүрген әйел көмек сұрады

33 жыл бойы қай елдің азаматы екенін білмей жүрген Ғалия Әбдімұратова «Дау-дамайсыз» бағдарламасынан көмек сұрады. Өзбекстанның Нүкіс қаласында туған 54 жастағы әйелдің отбасы 1982 жылы Алматы облысына қоныс аударады. 90­жылдары Саяхат бекетінде туу туралы, қызыл паспорты, аттестатын жоғалтып алған.

Аяқ астынан бойына белгісіз дерт жабысып төсек тартып қалған Ғалия жайлы дерек іздеп, «Дау-дамайсыз» бағдарламасының түсіру тобы мұрағаттарды ақтарады. Кеген ,Іле аудандарының полиция басқармасы қызметкерлері да құжатсыз әйел жайлы мәлімет іздейді. Журналист Жазира Бегалының бес ай бойы мәселесін шешу үшін жүргізген зерттеуінің нәтижесінде кейіпкер еліміздің азаматы атанып, жеке куәлігін алды. Халыққа қызмет көрсету орталығына өз аяғымен келген кейіпкер қалай аяғынан айырылды? «Дау-дамайсыз» бағдарламасы жаңалықтардан соң, сағат 20:00-де.

Ғалия Әбдімұратова құжатсыз әйел:

Өкінгенмен не істеймін? Ештенені қайтара алмайсың ғой.

Жанашырың қасында біреуін болмаса, жалғыз болған қиын екен. Не өзіңнен туған бала жоқ. Не өзіңмен туған адам жоқ. Дүниеде сол жаман. Жастық шағымызда ештеңені ойламай жүре беріппіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.