Ақтауға қоқиқаздар биыл ерте ұшып келді
Биыл Ақтауға қоқиқаздар жылдағыдан ерте ұшып келді. Әдетте бұл құстар Қаракөлге күздің соңғы күндерінде, күн суытқанда жететін.
Автор: Жаңалық Ахаш
04.10.2024
Қызыл кітапқа енген қанаттыларды әр жыл сайын ақтаулықтар сүйсіне тамашалайды. Биыл ерте келуіне мамандар еш таңданудың қажеті жоқ деп отыр. Арасында өзіне жұп таба алмай Қорғалжыңға кетпегені де, қанаты енді қатайған балапандары да болуы мүмкін екенін айтады. Ал қарашада қоқиқаздардың тағы бір үйірі ұшып келеді деп күтілуде. Олар Қаракөлге аялдап, одан әрі Хазар қорығы мен Иран жаққа өтіп кетеді.
Азамат Сәрсенбаев:
— Келіп жатыр, қарашада мыңдап келеді. Қазір жүз шақты жүрген шығар. Бір-бірін күтеді ғой. Сол жерде демалады, Қаракөлде. Үлкен тобымен, мың үйірмен Иран жаққа кетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!