{metadescription}
ОСК: Референдум өткізілді деп айтуға толық негіз бар
ОСК: Референдум өткізілді деп айтуға толық негіз бар

ОСК: Референдум өткізілді деп айтуға толық негіз бар

Орталық сайлау комиссиясы атом электр станциясына қатысты референдум өтті деп айтуға толық негіз бар деді. Таңнан бері дауыс беруге құқылы азаматтардың 7 жарым миллионнан астамы өз таңдауын жасаған екен. Яғни 12 миллион 244 мың 683 адамның 61,56 пайызы өз учаскесіне барып, бюллетень алған. Демек жалпыұлттық дауыс беру ресми өткізілді деп есептеледі.

Атом электр станциясының құрылысына қатысты қазақстандықтар өз таңдауын жасаған референдум өз мәресіне жетіп, дауыс санау басталды. Бүгін еліміз бен шетелді қоса алғанда, 10 мың 325 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді.

Орталық сайлау комиссиясының ғимаратына таңғы сағат оннан бастап ОСК мүшелері дауыс беру нәтижесін хабарлап отырды. Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко шетелдегі сайлау учаскелері бойынша мәліметті жария етті. Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Вьетнам, Индонезия мен Таиландта дауыс беру мәресіне жеткен.

Ал елдегі дауыс беруге ойыссақ, соңғы мәліметтер бойынша Қызылорда облысының халқы ең көп дауыс берген. Яғни дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 79,87 пайызы референдумға қатысқан.

Ал дауыс беру белсенділігі төмен Алматы жұртшылығы деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы. Мұнда халықтың 22.91 пайызы ғана учаскелерге келген.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің алаңына бірнеше рет шығып, Қазақстандағы тәртіптік ахуалға тоқталып отырды.

Құзырлылар ТМД бойынша АЭС құрылысына қатысты алғаш рет өткізіліп жатқан референдумда бұзақылық пен заңсыздық тіркелмеді деп мәлімдеді.

Полицияның жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камераларының көмегімен саяси шара учаскелеріне іргелес аумақтарда бақылау күшейтілген режимде болды.

Шетелден келген байқаушылар да науқанға отандастарамыздың бір адамдай қатысқанын айтып отыр.

Мазаир Панахов, Әзірбайжан Республикасы ОСК төрағасы:

 45 учаскені араладық. Негізі 13 адамнан тұратын делегация болып келгенбіз. Байқағанымыз, сайлаушылар белсенді. Тәртіп бұзу көзге түспеді. Журналистердің учаскелерде еркін жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған екен.

Жалпы Қазақстан тарихында бұл төртінші референдум. Сарапшылар бірауыздан ел тарихындағы маңызды қадамда халық пікірін біліп, шешім қабылдау демократиялық құндылықтар мен саяси мәдениеттің қалыптасуына әсерін тигізеді деп отыр.

Айта кетейік, 30 шет мемлекет пен 4 ірі халықаралық ұйым өкілдері референдумның ашықтығын бақылауға келді. Ал шартарапқа ақпарат таратқан шетелдік БАҚ саны 200-ден асып жығылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде