{metadescription}
Президент: Халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекет байламы сондай болмақ
Президент: Халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекет байламы сондай болмақ

Президент: Халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекет байламы сондай болмақ

Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді. Мемлекет басшысы елордадағы 211-ші учаскеде өз таңдауын жасап, журналистерге ел тағдыры үшін маңызды оқиғадан қандай нәтиже күтетінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Бүгін тарихи күн. Жалпы референдум деген бұл тікелей демократияның өте тиімді, өте маңызды құралы, тетігі деп айтуға болады. Сондықтан бүгін халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекетіміздің сондай түпкі байламы болады. Нәтиже оң болады деп мен ойлаймын. Бүгін тағдырдшешті оқиға, келешекте осындай оқиға неғұрлым көп болса, біздің халқымыз үшін, біздің еліміз үшін соғұрлым жақсы болады.

Брифинг барысында Президентке референдум қорытындысы бойынша халық» АЭС салуды қолдаса, оның құрылысын қай ел жүргізеді?» деген көпті толғандырған сауал қойылды. Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстанда ең озық технологиясы бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі қажет. Бұл ретте Үкімет арнайы талдау жасап, тиісті келіссөздер жүргізбек.

Қасым-Жомарт Тоқаев көктемдегі алапат су тасқынында Қазақстан ешкімнің көмегінсіз апат салдарын еңсере алғанын атап өтті. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен азаматтар жаңа баспанамен қамтылып, ешкім назардан тыс қалмады деді Президент.

Сондай-ақ ол жұмысына кіріскеніне тура жеті ай болған Министрлер кабинетіне өз бағасын берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Менің ойымша, Үкімет белсенді жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы ретінде қойған міндеттерімді орындауға тырысады. Жұмысымыз өте қауырт. Ол бұқаралық ақпарат құралдарына көріне бермеуі мүмкін. Ақпаратты жан-жақтан алып отырамын. Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Сондықтан елдегі барлық оқиғадан әрқашан хабардармын. Министрлердің және Үкімет жұмысында кемшін кетіп жатқан тұстар болса, әлбетте, ескертемін. Жеті ай деген көп уақыт емес. Үкімет мүшелері өзін көрсетуі керек. Ең басты міндет – ел экономикасының дамуына серпін беретін мүмкіндіктерді іздеу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде