{metadescription}
Референдум: Астананың сол жағалауындағы дауыс беру қалай өтті
Референдум: Астананың сол жағалауындағы дауыс беру қалай өтті

Референдум: Астананың сол жағалауындағы дауыс беру қалай өтті

Үкімет басшысы, Парламенттің қос палатасының спикерлері, Президент әкімшілігінің басшысы мен Мемлекеттік кеңесші таңертеңмен референдумда дауыс берді.

Атом электр станциясын салуға қатысты референдумда премьер-министр Олжас Бектенов алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Үкімет басшысы Елордадағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында №61 дауыс беру учаскесіне келіп таңдауын жасады. Ал екі мыңнан аса сайлаушы тіркелген Ұлттық кітапханадағы №164 сайлау учаскесіне таң ата, дауыс беруге асыққандар көп. Осы жерде жоғарғы палата спикері Мәулен Әшімбаев та дауыс берушілер тізімінде. Сенат төрағасы республикалық референдумға шығарылған мәселе еліміз үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

Маулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:

Бүгінгі жалпы референдумды елімізде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара деп те қабылдау керек. Осындай ауқымды шарада халықтың пікірі естіліп-ескеріліп, мемлекеттік органдар шешім қабылдайтын болса, әрине, біз бар мақсатымызға жетеміз.

«Мемлекетіміздің болашағы үшін халықтың алдына маңызды сұрақ шығарылды» - дейді Мәжіліс төрағасы. Ерлан Қошанов ҚТЖ ғимаратындағы референдум учаскесіне келіп дауысын берді.

Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы:

Біз Мемлекет басшысы жариялаған конституция реформасын қабылдадық. Міне, сол реформаның негізгі мақсаты қандай? Ол әр азаматтың мемлекеттің саяси өміріне еркін араласуы. Бүгін, міне, соның нақты көрінісі деп ойлаймын.

Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай АЭС салу мәселесі бойынша Президент орталығындағы №211 учаскеде дауыс берді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин еліміздің саяси тарихында бұндай ұзақ мерзімде талқылау болған емес, арапшылардың қатысуымен, АЭС салу туралы қоғамдық талқылау, дискуссия бір жылдан аса уақыт жүргізілді, - деді.

Ерлан Карин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

Референдумдағы шығарып отырған мәселе, сонымен қатар, референдумның өткізіліп отырғанының да маңызы зор. ТМД кеңістігінде, геосаяси айналамызда осындай тақырып бойынша халықпен ақылдасып, кеңесіп, референдум өткізіп отырған бірден-бір мемлекет Қазақстан.

Сол жағалаудағы жоғары лауазым иелерінің дені түске дейін дауыс беріп болды. Әлбетте, бюллетеньдегі бір сұраққа қай жауапты таңдағанын ешкім жарияламайды. Өйткені құпия сақтауға хақылы. АЭС құрылысы жөніндегі республикалық референдум аяқталуға жақын. Сағат 20:00-де учаскелер жабылып, көп ұзамай, көпшіліктің таңдауы мәлім болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде