{metadescription}
Референдум: Энергетика министрі әріптестерінен бұрын дауыс беруге асықты
Референдум: Энергетика министрі әріптестерінен бұрын дауыс беруге асықты

Референдум: Энергетика министрі әріптестерінен бұрын дауыс беруге асықты

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтегі әріптестерінен бұрын дауыс беруге асықты. Артынша министрлер кабинетінің мүшелері де өз таңдауларын жасады. 

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Мемлекеттің барлық қадамы, ең бірінші тұрақты дамуы. Одан кейін халқымыздың әл-ауқатының жоғары болуына бағытталған қадамдар. Ол ертеңгі еліміздің дамуына бірден-бір ықпал ететін мәселе. Сондықтан осы мәселеде ең басты халқымыздың дауысы маңызды.

Ведомство басшыларымен қатар бүгін парламент депутаттары да өздерінің азаматтық ұстанымын білдірді. Олардың дені таңғы 7-ден бастап Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана мен сол жағалаудағы №66 мектепке ағылды. Осынау саяси науқан күні тіпті партияластарымен арнайы бір учаскеге тіркеліп, бірге дауыс бергендері де бар. Енді бірі референдум учаскесіне жанұясын ертіп келді. Оған себеп те жоқ емес. Мәжілісмендер мұндай ел тағдырына маңызды күнде балаларды жастайынан елжандылыққа тәрбиелеу ата-анаға жүктелетін негізгі міндеттің бірі деп есептейді.

Қарақат Әбден, Мәжіліс депутаты:

Ешқандай дүрбелең жоқ, бір жағынан, екінші жағынан тыныш, жақсы атмосфера, маған ұнады. Қашан болса да, мына референдум болсын, басқа сайлау болсын, үнемі келіп тұрамын. Балаларыма да айтатыным сол. Әркімнің азаматтық борышы, азаматтық жауапкершілігі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде