{metadescription}
Референдум: 59 елдегі 74 сайлау учаскесінде қазақстандықтар таңдау жасады
Референдум: 59 елдегі 74 сайлау учаскесінде қазақстандықтар таңдау жасады

Референдум: 59 елдегі 74 сайлау учаскесінде қазақстандықтар таңдау жасады

59 елде 74 сайлау учаскесі бекер ашылмапты. Жырақта жүрген қазақстандықтар жергілікті уақыт бойынша дауыс беру орындарына барып таңдау жасады.

Ең алғаш болып Сеул мен Токио қалаларында референдум учаскелері ашылды. Уақыт айырмашылығына байланысты Вашингтон мен Нью-Йорктегі дауыс беру орындары Астана уақытымен сағат төрттен бастап жұмыс істеуде. Ал Сан-Францискода участок біздің уақытпен кешкі сағат 8-де ашылмақ. Дауыс берушілердің көбі  шет мемлекеттерде білім алып, онда уақытша қоныстанған қазақстандықтар. Өзге елде турист ретінде жүргендер де дауыс беруде. Өзге елде жүрген дауыс беру құқы бар азамат саны 12 мыңнан асады.

Айта кетсек, қауіпсіздік мақсатында референдум учаскелері Иран, Израиль, Ливан мемлекеттерінде ұйымдастырылмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.