{metadescription}
Мұрат Төлегенов: «Бүкіл өмірім ядролық физикамен тығыз байланысты»
Мұрат Төлегенов: «Бүкіл өмірім ядролық физикамен тығыз байланысты»

Мұрат Төлегенов: «Бүкіл өмірім ядролық физикамен тығыз байланысты»

Атом саласының қызметкерлері үшін бүгінгі науқан аса маңызды. 1957 жылы құрылған Алматыдағы ядролық физика институты — радиациялық физикадағы қолданбалы зерттеумен, радиоизотоптар өндірісімен айналысатын Қазақстандағы жалғыз ғылыми мекеме. Ғұмырын атомды бейбіт мақсатта қолдануға арнаған мұндағы ғалымдар мен қызметкерлердің бірі қалмай таңдау жасады.

Мұрат Төлегеновтың ядролық физика саласында тер төгіп жүргеніне 40 жылдан асқан. Ерен еңбегі үшін кеудесіне тағылған медаль көп. Ядролық физиканың қыр-сырын жетік меңгерген маман бүгін демалысқа қарамастан, таңда тұрып таңдауын жасады.

Мұрат Төлегенов, Ядролық физика институтының ядро, радиация және экология қауіпсіздігі департаментінің директоры:

 Бүкіл өмірім ядролық физикамен тығыз байланысты. Біздегі реактор медицина мен өнеркәсіпке арналған радиоизотоп өндіреді. Медицинаға біз онкоауруларды анықтау үшін қолданылатын молибден-99-ды, қалқанша безді емдеуге арналған йод-131-ді шығарамыз. Сондай-ақ, құбырға қажетті иридий-192-ні шығарамыз.

Ғұмырын ғылымға арнаған маманның әріптестері де бүгінгі науқаннан шет қалмады. Әрқайсысының ядролық физика саласында тәжірибесі мол, айтары да көп. 

Әбілда Бишібаев, Ядролық физика институтының қызметкері:

 Ядролық медицина, жаңа технология, жаңа білім. Көп адам білім алады. 50 жылдан аса жұмыс істеп жүрмін. Ядро реакциясын бірталай жыл меңгеріп жүрдім.

Физик мамандар топтасып дауыс берген бұл мектепте №2 сайлау учаскесі бар. Біреуі м кіреберісте, екіншісі кабинетте орналасқан. Алатау ауданының халық саны 5мыңнан асады. Қарбалас тудырмау үшін осындай шешімге келіпті.

Гүлдана Шалқарова, №370 сайлау учаскесінің төрайымы:

 №370 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері жұмысын таңғы бестен бастады. Комиссияда тоғыз адам бар. Дауыс берушілер келіп жатыр. Алатау ықшамауданының халқы таңғы жетіден бастап дауысын белсепнді беріп жатыр.

Академик Қаныш Сәтпаев пен белгілі физик Игорь Курчатов негізін қалаған ғылым ордасында жұмыс қызу жүріп жатыр. Басқаны айтпағанда, Онкологияны емдеуде қолданылатын препараттардың 90 пайыздайы осында шығарылады. Мұнда зерттеу жүргізетін шағын реактор да бар. Сондықтан референдум қорытындысын, қауырт тірлікке қандай өзгеріс енгізетінін бұл мамандар тағатсыздана күтуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде