{metadescription}
Референдум: Бибігүл Төлегенова ақ батасын берді
Референдум: Бибігүл Төлегенова ақ батасын берді

Референдум: Бибігүл Төлегенова ақ батасын берді

Қазақ өнерінің аты аңызға айналған тұлғалары мен шоқ жұлдыздары да бүгінгі науқанда белсенділік танытты. Халық әртістері референдумның маңыздылығын айтып, жұртты таңдау жасауға шақырды. Олимпиада чемпиондары да саяси шараға қатысып, дауыс беру — әр адамның азаматтық борышы деді.

Еліміздегі ешбір саяси науқаннан шетте қалмайтын сахна саңлағы Бибігүл Төлегенова таң атысымен өз таңдауын жасады. Жұлдыздың үйіне №559 сайлау учаскесінің өкілдері жәшігін арқалап барды. Еліміздің күміс көмей әншісі мемлекетіміздің болашағы үшін маңызды мәселеде жұмыла жұдырық болуға шақырып, соңынан ақ батасын берді.

Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның халық әртісі:

Қадірлі ағайын, қадірлі біздің Қазақстанның тұрғындары, бүгін жауапты күн. Әрқайсымыз таңдауымызды айтамыз. Таңдауымыздан, әрине, алға қойған мақсатымыз табысты, абыройлы орындалады. Референдумда өз таңдауыңызды жасауларыңыз керек.

Өнер тарланы, халық әртісі Асанәлі Әшімов сайлау учаскесіне жары Бағдат ханыммен бірге келіп дауыс берді. Актер сайлауға қатысу азаматтық борыш екенін атап өтті. Әрбір сайлау мен референдум кезінде өзі үлгі боп дауыс беретініне біз де әрдайым куәміз.

Асанәлі Әшімов, Қазақстанның еңбек ері:

 Референдум дегені дұрыс. Бұл демократия халыққа сөз салғаны өте дұрыс деп есептеймін. Бұл маңызды. Халықтан сұрағаны, халықтың тілегі, халық қалай қарайды деп, жалпы халықпен жұмыс жасау керек қой. Ләйім жақсы болсын. Елдің тұрмысы жақсарсын. Халықтың әл-ауқаты жақсарсын. Әдебиет-мәдениеті жақсарсын. Ғылым өссін. Сонда ел боламыз.

Ал халық әртісі Роза Рымбаева мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Абдуллин бір сайлау учаскесінің дауыс берушілер тізімінде екен. Ә берген дауыс маңызды, халыққа зор сенім мен үлкен жауапкершілік артылған соң, бұл мүмкіндікті пайдалану керек деді.

Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртісі:

 Құрметті қазақстандықтар, қадірменді қауым, бүгін біздің елімізде  тарихи күн. Бүгін бүкіл халық қатысатын референдум. Референдумда шешімімізді көрсетіп, міндетті түрде дауыс беруіміз керек. Шын жүрегіммен айтарым, референдумға қатысып, дауыс беріңіздер, мен таңдауымды жасадым.

Нұрлан Абдуллин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

 Үйде жата бермей, дауыс беріңіздер, келіңіздер. Бұл барлығымыздың болашағымыздың тағдыры. Сондықтан барлықтарыңызды учаскеге келіп, дауыс беруге шақырамын.

Дзюдодан тұңғыш олимпиада чемпионы Елдос Сметов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Спортшы халықтың болашағына қатысты мұндай сәтте қол қусырып отырмау керек дейді.

Елдос Сметов, Париж Олимпиадасының чемпионы:

 Мен де өз таңдауымды жасадым. Дұрыс шешім деп ойлаймын. қабылдаймын. Ел болашағы үшін, еліміздің дамуы үшін елімізге пайдасын тигізетін дүниелер үшін әр қазақтың баласы өз таңдауын жасау керек.

Отбасымыз, Отанымызға маңызды референдумда көпке үлгі боп дауыс берген өнер жұлдыздары мен спорт саңылақтарының бір сыпырасы ғана тоқтала алдық. Осылайша таңдауын жасаған зиялы қауым өкілдері барша отандастарымызды белсенді болуға шақырды. Өйткені келешек үшін әрбір дауыс маңызды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде