{metadescription}
Референдум: Мұнайшылардың үздіксіз және қауіпсіз дауыс беруіне бар жағдай жасалған
Референдум: Мұнайшылардың үздіксіз және қауіпсіз дауыс беруіне бар жағдай жасалған

Референдум: Мұнайшылардың үздіксіз және қауіпсіз дауыс беруіне бар жағдай жасалған

Атырау облысындағы мұнайшылар да таңнан бері өз таңдауын жасап жатыр. Теңіз кен орнында 10 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр.

Тоқсанбай Сәрсенов, мұнайшы:

Дауыс беру менің азаматтық борышым. халық дауыс беріп жатқаны дұрыс. Мен қолдаймын. Әр азамат өз пікірін білдіруі керек.

Теңіз кенішіндегі жұмысшылардың 8 мыңнан астамы дауыс беруге қатысамыз деп алдын ала өтініш білдірген. Мұнайшылардың үздіксіз және қауіпсіз дауыс беруіне бар жағдай жасалған.

Қашаған кенішіндегі мыңға жуық мұнайшы да референдумға қатысты. Каспий теңізінің ортасындағы мұнайшылар аралына комиссия мүшелері арнайы тікұшақпен барып дауыс жинады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде