{metadescription}
Референдум: Семейде «Елімай» футболшылары жаттығу арасында дауыс беріп келді
Референдум: Семейде «Елімай» футболшылары жаттығу арасында дауыс беріп келді

Референдум: Семейде «Елімай» футболшылары жаттығу арасында дауыс беріп келді

Семейлік «Елімай» футбол клубының ойыншылары да ұжым болып референдумға қатысты. Ел біріншілігінің кезекті ойынына дайындалып жатқан аяқ допшылар, жаттығу барысынан уақыт тауып маңызды науқанда өз таңдауын жасады.

Команданың бас бапкері бастаған футболшылар №66 сайлау учаскесіне келді. Ұжымдағы 35 ойыншының бірі қалмаған. Оның 15-і алғаш рет дауыс беріп отыр. Аяқ допшылардың айтуынша, еліміздегі тарихи оқиғада әр азаматтың берген дауысы маңызды. Ойыншылар дауыс беруге кезекті дайындық алаңынан аттанған екен. Референдум ел болашағын айқындайтын сәт, - дейді олар.

Қуаныш Шаймарданов, «Елім-ай жастары» ФК ойыншысы:

Дайындықтан шығып дауыс беруге келдік. Бұл референдум елімізге маңызды қадамның бірі. Себебі біз өзіміздің болашақтағы энергетикамызды анықтаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде