{metadescription}
Сайлау учаскесіне «динозавр» мен басына сүлгі орап, халат киген қыз келді
Сайлау учаскесіне «динозавр» мен басына сүлгі орап, халат киген қыз келді

Сайлау учаскесіне «динозавр» мен басына сүлгі орап, халат киген қыз келді

Дауыс берушілердің арасында тапқырлығымен көзге түскендер де болды. Бірі сайлау учаскесіне динозавр костюмін киіп келсе, астаналық бойжеткен басына сүлгі орап, халатпен дауыс беріп кетті. 

18-жастағы Ернар Рақышев жұрт назарын өзіне аударды. Ол үстіне динозавр болып киініп келген. Костюмді ұлының туған күніне арнап жалға алған екен. Орайы кеп тұрғанда осымен дауыс беріп кетейін деп шешіпті. Оның үстіне өмірінде алғаш рет сайлауға қатысып отыр. Костюмнің төсіндегі тесіктен оның беті көрінеді. Оның төлқұжатын тексерген комиссия мүшелері бюллетень ұстатты. Ал дауыс беру кабинасына кірерде оған көмектесуге тура келді.

Тағы бір перформансты астаналық бойжеткен көрсетті. Ол сайлауға төсектен тұра салған күйінде келді. Осылайша ол референдумға деген ынтасын білдірмек болыпты. Халат киіп, басына сүлгі ораған ол, бюллетенін алып жатқанда, сыртынан көп жұрт қызықтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде