{metadescription}
Ғасыр жасаған кейуаналар да АЭС құрылысына бейжай қарамады
Ғасыр жасаған кейуаналар да АЭС құрылысына бейжай қарамады

Ғасыр жасаған кейуаналар да АЭС құрылысына бейжай қарамады

Жасы 18-ге енді толып, алғаш рет дауыс бергендерді айтпағанда, ғасыр жасаған кейуаналар да атом электр станциясына қатысты мәселеге бейжай қарамайтынын аңғартты. Ал кейбір отандастарымыздың 6 қазанға арнайы дайындалған байқадық. Ұлттық нақыштағы шапан-бешпет киген алып денелі батырлар да сайлау учаскелерінде төбе көрсетті.

Референдумға ұлттық киіммен келгендер көпшілік назарын аудармай қоймады. Алматының №173 мектеп-лицейінде орналасқан №585 сайлау учаскесінде жұртты тау тұлғалы азаматтар қарсы алды. Олар сайлауға келгендерге көшпенділер әлемімен ұлы дала рухын сезіндіргісі келгенін айтады.

Самат Шамырат, Arlanzhete театрының актері: 

Әрқасысы Қазақстан азаматы, дауыс беруі керек. Қазақстанда тұрамыз. Қазақстанның болашағын ойлаймыз. Қазақ батырларының нақышын көрсету арқылы рухымызды көтереміз.

Ғасыр жасаған қарттар да референдумнан қалыс қалған жоқ. Алматыда 99 жастағы әжей таңмен таласа референдум учаскесіне келіп азаматтық борышын өтеді.

Таразда 102 жастағы кейуана да таңдауын жасауға келген. Ондаған немере-шөбере тәрбиелеп отырған қария референдумға қатысу өз елін сүйетін әрбір азаматтың борышы дейді. Бюллетенге белгі қойған қарт ана алғысын айтып, батасын берді.

Күлия Үсенова:

 Еліміз аман болсын, халқымыз тыныш болсын. Осындай бейбітшілік болсын. Бәрімізге Алла тыныштық берсін.

Сонымен қатар киелі Тараз шаһарында отасқандарына 50 жыл болған Миллионовтар отбасы дауыс берді. Ардагер журналист Жаңабай Миллионов пен жары Күлбағира Жақсыбаева бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан үлгілі отбасы.

Жаңабай Миллионов:

 Мемлекет басшысы халықтың өзіне жүгінді. Халық қалай шешеді, солай болады. Біздің отау құрғанымызға 50 жыл болыпты. Сайлаудың неше түрін көрдік. Неше түріне дауыс бердік. Бүгін енді бүкіл халықтық рефрендумға келіп тұрмыз. Өзіміздің қалауымызды жасаймыз.

Республикалық референдумда жамбылдық 12 мыңнан аса ұл-қыз алғаш рет дауыс берді. Соның бірі бірі Шұғыла Серікбай. Бүгін ол 18 жасқа толды. Колледж студенті шаштаразшы мамандығында оқиды. Ол дауыс беру құқығына ие бола сала, № 65-учаскеге келген. Айтуынша, ел болашағы жастардың қолында. Сондықтан олар саяси шарадан қалыс қалмауы керек, - дейді ол.

Шұғыла Серікбай:

— Референдумға бірінші рет қатысып тұрғын. Жасым 18-де. Жастар науқаннан қалыс қалмауы керек. Себебі бұл шара Қазақстанның болашағына тікелей байланысты.

Шұғыланың белсенділігі үшін дауыс беру комиссиясы естелік сыйлық табыстады.Тек Тараз емес, еліміздің өзге өңірлерін де де ағаш рет саяси шараға қатысып жатқан жастар ескерусіз қалмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде