{metadescription}
Референдум: Дауыс бергендер саны 7 миллион 500 мыңнан асқан
Референдум: Дауыс бергендер саны 7 миллион 500 мыңнан асқан

Референдум: Дауыс бергендер саны 7 миллион 500 мыңнан асқан

Қазақстандағы атом электр станциясына қатысты референдумға қатысу 62 пайызға жуықтады. Орталық референдум комиссиясының кешкі 6-дағы мәліметіне сәйкес, ел бойынша дауыс бергендер саны 7 миллион 500 мыңнан асқан.

Келушілер тізімін Абай облысы бастап тұр. Онда дауыс берушілер саны 64,24 пайызды құрады.

Ақмола облысының тұрғындары да 68,98 пайыз көрсеткішімен белсенділік танытуда.

Ал үздік үштікті Ақтөбе облысы 72,37 пайыз көрсеткішімен түйіндеді.

Дауыс берушілердің дені Алматы облысы тұрғындарының дауысымен 67,77 пайызға жеткен.

Астаналықтардың тең жартысы өз таңдауын жасап үлгерді.

Ал Алматыда дауыс беру құқығына ие азаматтардың саны көп болғанымен, белсенділік төмен.

Шымкенттіктер 68,89 пайызбен өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, жалпы ел бойынша сайлау құқығына ие 12 миллионнан аса адам тіркеліпті.

1.Абай облысы бойынша – 64,24 %

2. Ақмола облысы бойынша – 68,98%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 72,31 %

4. Алматы облысы бойынша – 67,77 %

5. Атырау облысы бойынша – 60,80 %

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 64,41 %

7. Жамбыл облысы бойынша – 57,76 %

8. Жетісу облысы бойынша – 64,24 %

9. Қарағанды облысы бойынша – 69,48 %

10. Қостанай облысы бойынша – 70,99 %

11. Қызылорда облысы бойынша – 79,87 %

12. Маңғыстау облысы бойынша – 51,38 %

13. Павлодар облысы бойынша – 62,51%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,72%

15. Түркістан облысы бойынша – 74,23 %

16. Ұлытау облысы бойынша -67,77 %

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 72,58 %

18. Астана қаласы бойынша – 49,35%

19. Алматы қаласы бойынша – 22,91 %

20. Шымкент қаласы бойынша – 68,89 %

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде