{metadescription}
Референдум: Елімізде дауыс беруге қатысқандар 71,02 пайызды құрады
Референдум: Елімізде дауыс беруге қатысқандар 71,02 пайызды құрады

Референдум: Елімізде дауыс беруге қатысқандар 71,02 пайызды құрады

Референдумда отандастарымызға қойылған «Қазақстанда АЭС салуға келісесіз бе?» деген сұраққа дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 7 миллион 820 мың 204 адамы жауап берген. Ал нақты «Иә» деген жауапты таңдағандар саны 5 миллионнан асады. Орталық сайлау комиссиясы ел тарихындағы маңызды науқанның алдын ала қорытындысын жария етті.

Кеше ғана күн ұзаққа тоғыз брифинг өткізген Орталық сайлау комиссиясы бүгін референдумның алдын ала қорытындысын жариялады. Атом электр станциясының құрылысына қатысты өткізілген науқанға қарсы болғандар мен жақтасқандарды түгендеуге күні кеше кіріскен. Шетелдік сайлау учаскелері де бюллетеньдерді бір қорытындылап, Астанаға қарай жіберген.

«Қазақстанда АЭС салуға келісесіз бе?» деген сұраққа «Иә, келісемін» деп дауыс беруге қатысқандардың 71,12 пайызын құраған.

Нұрлан Әбдіров, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқандардың 71,02 пайызын немесе 5 миллион 561 мың 937 адамды құрады.

Үлкен ауылындағы құрылысты қолдайтындар санынан Қызылорда облысы өзгелерді басып озған. Іле-шала, Қостанай мен Ұлытау облыстары дауыс беруде белсенді болды. Ал Алматы электораты, әдеттегідей, тізімнің соңында. Мұнда дауыс беруге келе тұра, бюллетень бүлдіргендер де жетіп артылады. Екі нұсқаны таңдаймыз деп опық жегендердің саны 82 мың адам. Бұл дауыстар, әлбетте, саналмады.

Референдумды бақылауға келген ТМД байқаушылары «бәрі жоғары деңгейде өттің деп, өз бағасын берді.

Леонид Анфимов, ТМД байқаушылар миссиясының басшысы:

Референдум жүріп жатқан уақытта ешқандай заңбұзушылық байқамадық. Арнайы көрмейік деген ниетпен емес, әрине. Айтайын дегенім, біз тәуелсіз байқаушылармыз. Ешкімнің мүддесін қорғамаймыз. Тіркелген бір ғана мәліметке тоқталайын. 24 азамат республикалық референдумға қатысты сауалнама жүргізу тәртібін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Республикалық референдумға дауыс беруге құқығы бар 12 млн 284 мың 487 адамның 7 млн 820 мың 204-і қатысқан. Бұл  электораттың 63,66 пайызы. 2 млн-нан астам адам бұл бастаманы қолдамайтынын жеткізген.

Бұл  алдын ала дауыс беру нәтижесі. Ережеге сәйкес, қоғамдық науқанның қорытындысы дауыс берген күннен бастап жеті күннің ішінде жарияланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде