{metadescription}
Референдум: Шетелдік байқаушылар қазақстандық жастарға таңқалып отыр
Референдум: Шетелдік байқаушылар қазақстандық жастарға таңқалып отыр

Референдум: Шетелдік байқаушылар қазақстандық жастарға таңқалып отыр

Референдумда шетелдіктерді біздің жастардың белсенділігі таңқалдырған. Халықаралық байқаушылар баспасөз конференциясында Қазақстанда кеше өткізілген саяси шарада ешқандай заңбұзушылық байқамадық деп отыр.

Чжан Лин, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі Бас хатшысының орынбасары:

Өзге мемлекеттерде өтетін сайлау, референдум кезінде біздің ұйымның мандаты бойынша, біз тек өз пікірімізді ғана білдіреміз.Референдумда мені жастардың белсенділігі таң қалдырды. Олардың көбі отбасымен келді. Көңіл күйлері де көтеріңкі. Егде жастағы адамдар да қалысқан жоқ. Олар өздерінің азаматтық парызын, конституциялық құқығын түсініп келгенін көрсетті.

Халықаралық байқаушылар Қазақстанда АЭС құрылысына қатысты республикалық референдум ашық, еркін өтті. Сайлау учаскелерінде тиісті талаптар түгел жүзеге асты. Дауыс берушілер құқығы түгел дерлік сақталды деп отыр. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалып, таңдау жасау мүмкіндігінен қағылмағанын айтады. Сондай-ақ саяси шара аса жоғары деңгейде, халықаралық міндеттемелерге сәйкес өтті деген баға берді. Олар референдумда заңбұзушылық тіркемедік деп отыр.

Айта кетейік, дауыс беруді бақылауға төрт халықаралық ұйымның атынан байқаушылар келген: ТМД, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Шанхай ынтымақтастық пен Түркі мемлекеттері ұйымдары.

Сұлтан Әмірханов, Азиядағы өзара ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің заң кеңесшісі:

Біз жұмыс істеген учаскелерде ешқандай заңбұзушылық болған жоқ. Ешкімге ескерту жасалған жоқ. Халық еркін, еш кедергісіз таңдау жасады. Сайлау учаскелерінің жабдықталуы дауыс берушілер таңдауының құпиялылығын сақтауға мүмкіндік берді. Ешкім заң бұзған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.