Экзитпол: 71,8% — «келісемін», 28,2% — «келіспеймін»
Референдум қорытындысы бойынша алғашқы болжамды Еxit poll түнгі 12-де жариялады. Оған сәйкес, электораттың басым бөлігі атом электр станциясының құрылысына келісетін болып шықты.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
07.10.2024
Референдумда Еxit poll өткізген ұйымдардың бірі — «Астана» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты. Мұндағы әлеуметтанушылар кеше 189 сайлау учаскесінің алдында сауалнама жүргізген. Респонденттердің 69,8% АЭС құрылысына келісітенінін, 30,2% қарсы екенін анықтапты. Ал Аmana партиясының қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнамада дауыс бергендердің 72,3% қойылған сұраққа «иә», 27,7% «жоқ» деп жауап берген. Референдум учаскелерінің шыға берісінде таңнан жұмыс істеп, азаматтардың АЭС-ке қатысты пікірін білген. Еуразиялық интеграция институтының зерттеуі де осыған саяды. Яғни 71,8% «келісемін» десе, 28,2% «келіспеймін» деп жауап берген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!