{metadescription}
Саясаттанушылар: АЭС құрылысына қарсы дауыс бергендердің пікірі назардан тыс қалмау керек
Саясаттанушылар: АЭС құрылысына қарсы дауыс бергендердің пікірі назардан тыс қалмау керек

Саясаттанушылар: АЭС құрылысына қарсы дауыс бергендердің пікірі назардан тыс қалмау керек

Болжамнан асып түсті. Саясаттанушылар референдумға халықтың 63 пайыздан астамының қатысуы біз күткеннен де жоғары көрсеткіш деп отыр. Уақыт тығыз болып, дауыс беруге, әрі кетсе, тұрғындардың 55 пайызы қатысады деп топшылапты. Дауыс берушілердің басым бөлігінің АЭС құрылысын қолдауы да таңқаларлық жағдай емес дейді сарапшылар.

Нұргелді Әбдіғаниұлы, саясаттанушы:

70 пайыз халық қолдауының, АЭС құрылысын жақтау дауыс беруі – күтілген нәтиже. Уақыт тығыздығына қарамай, халық штабы құрылды және олар өңір-өңірді аралап, АЭС құрылысының маңыздылығы оның қажеттілігі туралы ақпараттық насихат жүргізді. Біз сарапшы ретінде байқап отырмыз, бұқаралық ақпарат құралдарының да мұнда үлесі зор. АЭС құрылысы туралы, АЭС-тің нәтижесі туралы, оның қажеттілігі туралы және халықаралық жағдайлармен салыстырған сараптама талдау көптеп жарияланды. Осының бәрі электорат  пікірінің қалыптасуына әсер етсе керек.

Саясаттанушылар тәуелсіз Қазақстан тарихындағы төртінші референдум тиімділігін дәлелдеді деп есептейді. Әрі аса маңызды мәселелер бойынша қоғамдық талқыға салып шешім қабылдау, яғни референдум өткізу тәсілі алдағы уақытта да қолданылуы мүмкін екен.  Ал АЭС құрылысына қарсы дауыс бергендердің пікірі назардан тыс қалмауы керек деп отыр. Яғни жобаның тиімділігі туралы түсіндіру жұмысы әлі де жалғаса беруі қажет.

Риззат Тасым, саясаттанушы:

— Алдағы 10-12 жылда осы атом электр станциясының салынуына қарсы болған электоратпен тығыз қарым-қатынас жасап, жұмыс істеу керек. Соның арқасында біз осы жобаның, үлкен жобаның ашықтығын қамтамасыз ете аламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде