{metadescription}
Үш күннен бері екі облыста алапат өрт болып жатыр
Үш күннен бері екі облыста алапат өрт болып жатыр

Үш күннен бері екі облыста алапат өрт болып жатыр

Үш күннен бері еліміздің екі облысында алапат өрт болып жатыр. Тілсіз жау 30 мың гектарға жуық алқапты күлге айналдырды. Қарағанды облысынан басталған жалын кешелі бері Павлодар облысына өтті. Өрт Баянауыл ұлттық паркіне де жеткен. Осы дала өртімен алысып жүріп, 33 жастағы өрт сөндіруші қаза тапты. Тағы төрт адам түрлі жарақат алып, Қарағандыдағы ауруханаға жеткізілген. Далаға жайылған өртпен күреске 700-ден аса адам мен 150-ге тарта техника жұмылдырылған. Қызыл жалын әуеденде  сөндіріліп жатыр.

Аға өрт сөндіруші Қайрат Хали азаматтық қорғау саласында 2014 жылдан бастап еңбек етті. Қарқаралыдағы дала өртіне осыдан үш күн бұрын іссапармен аттаныпты. Кетерінде әдеттегідей емес, туғандарымен жеке-жеке қоштасқан. Туысары оның өжет болғанын айтады.

Еламан Хали, марқұмның інісі:

Шөпке төрт адам кіріп бара жатқанда жел бірден бағытын өзгерткен. Яғни адамдарға қарай үрген. Одан кейін ағам сол жерде қалып қойған. Түтін иісінен қаза болған болуы мүмкін. Одан кейін ғана денесін күйік шалуы мүмкін.

Өрт кезінде зардап шеккен тағы төрт адам қазір ауруханада жатыр. Екеуі өрт сөндіруші, біреуі көмекке жұмылдырылған ерікті, енді бірі ауыл тұрғыны.

Берік Төлеубаев травматолог: 

Кеше Қарқаралы ауданының Шөптікөл ауылы маңында дала өртенді. Төрт адам ауруханаға түсті. Кеше Қарқаралы ауруханасына, одан кейін бізге жеткізілді. Қазір жағдайы тұрақты. Емделіп жатыр.

Өрт Қарқаралы ауданында құрғақ шөп алқабынан басталған. Екі күнде қызыл жалын 21 мың шаршы метр жерді шарпып,  лаулап кетіп бара жатыр. Өртті әлі сөндіріп жатыр. 400 адам мен 69 техника және екі тікұшақ жұмылдырылған.

Ораз Тәуірбеков, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

Күш жұмылдырылды. Өкінішке қарай жел күшейіп, рельеф ерекшелігіне байланысты өрт сөндіруді қиындатты. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз.

Қарағанды облысында басталған дала өрті көршілес Павлодар өңіріне де жетті. 10 мың гектар жерді шарпыған қызыл жалын Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағына да тарапты. Бүгін Баянауылға қарасты Желтау ауылының 18 тұрғыны тікұшақпен қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір мұнда 310 адам, 51 арнайы техника, үш пилотсыз ұшу аппараты және екі тікұшақ тілсіз жаумен күресуде.

Астана қаласы мен Абай облысынан өрт сөндірушілер де көмекке келген. Қазір екі аймақта да өңірлік жедел штаб жұмыс істеп тұр. Алайда қызыл жалын әлі ырқын бермей жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.