Алматыда 19 жастағы қыз биіктен құлап мерт болды
Алматыда 19 жастағы қыз 18-ші қабаттан құлап өлді. Бойжеткеннің мұндай қадамға баруына не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Бұл тұрғын үй кешенінде осы іспеттес қайғылы оқиға жиі болады.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
07.10.2024
Видео қайғылы оқиғадан кейін түсірілген. Сұр шалбар, үстіне қара жемпір киген бойжеткен кеше кешкі жетіге таман 18-ші қабаттағы балконнан құлаған, - дейді тұрғындар. Бойжеткен өзіне қол салды ма, біреу итеріп жіберді ме? Мұның жауабын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
— Алмалы ауданы ПБ қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!