{metadescription}
Астанада иесіз ғимараттан табылған қыздың ажалы неден болғаны анықталды
Астанада иесіз ғимараттан табылған қыздың ажалы неден болғаны анықталды

Астанада иесіз ғимараттан табылған қыздың ажалы неден болғаны анықталды

Астанада иесіз ғимараттан өлі денесі табылған 14 жастағы оқушы қыздың ажалы неден болғаны анықталды. Осыдан бір ай бұрын болған қайғылы жағдай бойынша сот-медициналық сараптама қорытындысын полиция жария етті.

Қаңырап иесіз тұрған бұрынғы балабақша ғимаратынан 14 жасар қыздың денесін сол маңда ойнап жүрген балалар тапқан. Дәл сол жерде жалпы білім беретін мектеп те бар. Бірақ оқушы қыз онда емес, басқа мектепте оқыпты. Марқұм Аурелияның ата анасы сабақтан кейін серуендеуге шыққан қыздарының неге ескі ғимаратқа барғанын түсінбейді. Бұған дейін де төрт рет өрт болып, тағы бір ер адам көз жұмған ескі ғимарат қаңғыбастар паналайтын жерге айналғалы үш жылдай болған. Қыздың жұмбақ өлімін әркім әрқалай айтып сан-саққа жүгірткен еді. Ал сот-медициналық сараптамасы оның газдан уланғанын анықтады.

Эльмира Шәуленова, Астана ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

14 жастағы қыздың мәйітіне қатысты істің мән-жайын обьективті, жан-жақты зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлім газ қоспасымен уланудан болған. ҚР ҚК 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жарияланбайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде