{metadescription}
Әлемде «Марбург» вирусы тез таралып жатыр — Қазақстанда бақылау күшейтілді
Әлемде «Марбург» вирусы тез таралып жатыр — Қазақстанда бақылау күшейтілді

Әлемде «Марбург» вирусы тез таралып жатыр — Қазақстанда бақылау күшейтілді

Әлемде «Марбург» вирусының жылдам таралуына байланысты еліміздің санитар дәрігерлері дамыл таппай жүр. Еліміздің әуежайларында ұшып келген жолаушылар термометрия тексеруінен өткізіледі. Шет мемлекеттерге шығатын азаматтарға да індеттен қорғанудың амал-тәсілі жіті түсіндіріліп жатыр. Қыркүйектің соңында Шығыс Африкада аталмыш індеттен 12 адам көз жұмып, 300-дей науқас бақылауға алынған. Ауру жұқтырғандардың арасында шетелдік дәрігерлер де бар.» Марбургтың» адамдар арасында былтырдан бері қайта таралуына не себеп болғаны әлі анықталмады.

Өткен айдан бері Африкадағы Руанда елінде «Марбург» вирусы өршіді. Вирустан 12 адам көз жұмып, 50 адам ауру жұқтырған. Олармен байланысқа түскен 300-дей науқас қазір дәрігерлердің бақылауында. Індетке шалдыққандардың көбі медицина қызметкерлері. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кеселдің қаншалықты қауіпті екенін айтып дабыл қағып отыр. 

«Марбург» вирусының өршуі елдің 30 аймағының жетеуінде, соның ішінде Кигалиде тіркелді. Жұқтырғандар арасында денсаулық сақтау саласының қызметкерлері көп. Вирус жануарлар, әсіресе жарқанаттар арқылы тарайды. Өлім көрсеткіші 88 пайызға тең. Аурудың ең ірі ошағы 2005 жылы Оңтүстік Африкадағы Анголада тіркелген. Ол кезде вирустан 300-ден аса адам қайтыс болды. Қазір Марбург індетіне қарсы арнайы ем мен вакцина жоқ. Тек симптоматикалық емдеу жүргізіледі.

Руандамен көршілес Конго, Танзания мен Уганда елдеріне кесел таралу қаупі төніп тұр. Негізінен бұл вирус адамға түкірік, ортақ тұрмыстық заттар, қан арқылы жұғады. Науқастың денесі қалтырап, бұлшық еттері ауырады, іші өтіп, құсады. Сөйтіп бауыры, асқазан-ішек жолдары мен орталық жүйке жүйесі зақымданады.

Ләззат Ералиева, ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, инфекционист:

Алғашқы белгілері ішек инфекциясына ұқсайды: дене қызуы көтеріліп, жүрегі айнып, құсып, іші ауруы мүмкін. Сонымен қатар тұмауға тән белгілер пайда болады. Буын-буыны қақсайды. Өлім деңгейі айтарлықтай жоғары, өйткені алдын алу шарасы жеткіліксіз. Яғни препараттар мен вакциналар жоқ. Ғалымдар бұл мәселемен әлі де айналысып жатыр.

Еліміздің Денсаулық сақтау министрілігі бақылауды күшейтті. Емі жоқ ауру Қазақстанда тіркелмегенін жеткізді.

Жасұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ Санитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің басқарма басшысы:

Халықаралық әуежайларда, мемлекеттік шекарада санитария-карантин бақылауы күшейтілді.Кез келген шетелден келетін, оның ішінде эндемиялық елдерден келетін жолаушыларды байланыссыз, термометрия әдісімен скринингтен өткізіп, ауырған-ауырмағанын бақылап отырмыз. Сақтық шарасын сақтаса, «Марбург» вирусынан қорғай аламыз.

Бұл вирусқа «Марбург» деген Германия қаласының аты берілуі 1967 жылғы оқиғамен байланысты. Ол кезде неміс ғалымдары Угандадан тәжірибе жасауға әкелген маймылдан белгісіз вирусты жұқтырып, жетеуі бақилық болды. Содан бері «Марбуг вирусы» деп аталған. Бұл індетті жұқтыру деректері Батыс Еуропа мен АҚШ-та ара-кідік тіркеліп жатады. Қазір де, мейілінше, вирус анықталған елдерге бармаған абзал. Әркім тазалық сақтап, әсіресе приматтан, жарғанаттан, не сырқат белгілері бар адамнан аулақ жүрген жөн. Ал өзін жайсыз сезінген адам дереу дәрігерлерге жүгінуі қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.