{metadescription}
Алматы - Өскемен тас жолында болған апаттан үш адам мерт болды
Алматы - Өскемен тас жолында болған апаттан үш адам мерт болды

Алматы - Өскемен тас жолында болған апаттан үш адам мерт болды

Жетісу облысындағы жантүршігерлік жол апаты үш адамның өмірін жалмады. Тағы бір жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілген. Toyota Camry жолшыбай бағытта келе жатқан жүк көлігінің артқы тіркемесіне соғылған. 

Жол апаты Алматы - Өскемен тас жолында болды. Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көліктің сау тамтығы қалмаған. Салонда отырған екі жолаушы мен 37 жастағы жүргізушісі тілге келместен жан тапсырды. Жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Өңір полициясы барлық жүргізушілерді жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, заңды бұзбауға шақырады.

Руслан Сатыбалды, Жетісу облысы ППБ командирінің орынбасары:

Қылмыстық іс қозғалып, мән-жайы анықалуда. Қаза тапқан азаматтардың туыстарына көңіл айтамыз. Осы жағдайды ескере отырып, жол жүру ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмауды сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.