{metadescription}
Көкшетау: Сарыарқа тұрғындары сапасыз салынған үйдің зардабын көріп отыр
Көкшетау: Сарыарқа тұрғындары сапасыз салынған үйдің зардабын көріп отыр

Көкшетау: Сарыарқа тұрғындары сапасыз салынған үйдің зардабын көріп отыр

Көкшетаудағы Сарыарқа ықшамауданының тұрғындары жазда суға батып, қыста мұзға қатып, әбден әбігерге түстік дейді. Себебі көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілген баспаналардың сапасы сын көтермейді.

Гүлнар Құмышева, Көкшетау қаласының тұрғыны:

Үйдің іші сұп-суық, мұздай. Есіктен бүкіл жел үрлегенде, бүкіл үйдің іші тастай болады. Не жолы жоқ, адам сияқты, балаларға ойнайтын жері жоқ. Бір шешімге келу керек қой. Мысалы, қаншама бастық болды, бәрі көрді.

Баспаналардың құрылысы 2021 жылы аяқталса да, қолдануға 2023 жылы беріліпті. Екі жыл қараусыз қалған үйдің есік-терезесі тозып, баспалдақтары қирай бастаған. Мұнда негізінен көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тұрады. Қаланың шетінде орналасқан тұрғын үй қыста суық, жазда маңайы саз-батпақ. Сапасыз тартылған су құбырлары күн ара жарылып, электр желілерінен жиі ақау шығады екен.

Тұрғын үйді салған мердігер кем-кетігін түзеп жүргенімен, тұрғындардың жағдайы түзелер емес. Арыз-шағымын айта барған оларды шенеуніктер бір-біріне сілтеп, әуре-сарсаңға салғалы бір жылдан асыпты. Ауласында не балалар ойнайтын алаң жоқ, не метепке барар жолы жоқ. Ауыра қалсаң, жедел жәрдем көлігі де келе алмайды дейді жиналғандар.

Индира Жүнісова, құрылыс компаниясының өкілі:

 Біз бұл үйді 2021 жылдың желтоқсанында салғанбыз. Комиссия қабылдап алған. Бірақ неге 2023 жылы ғана қолданысқа берілгенін білмеймін. Тұрғындардың өтініші бойынша өз тарапымыздан кеткен қателіктің бәрін түзедік. Бұл жерде жергілікті шенеуніктердің жіберген қателіктері бар деп есептеймін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде