Флорида штатына «Милтон» дауылы жақындап қалды
АҚШ-тың Флорида штатына тағы қауіп төнді. Метеорологтар «Милтон» дауылы жақындап қалғанын хабарлап дабыл қағып жатыр. Төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарды эвакуациялай бастаған.
Автор: Ақтоты Жұмабек
07.10.2024
Екпіні сағатына 144 шақырымға жететін күшті дауыл Флорида жағасына 9 қазанда жетуі мүмкін деп отыр жергілікті мамандар. Мұндағы 67 округтың 51-і қауіпті аймақта тұр. Сондықтан халыққа электрді сөндіріп, бір аптаға жететін ас-сумен қамданып, қауіпсіз жерге кетуге кеңес берілді. Штат әкімшілігі бұл 2017 жылы "Ирма" дауылынан кейінгі ең үлкен эвакуация болуы мүмкін дейді.
Қыркүйекте ғана "Хелен" дауылы АҚШ-тың оңтүстік-шығысының астаң-кестеңін шығарып кеткен еді. Жергілікті басылымдар сол табиғат апатынан елді мекендер әлі қалпына келмегенін жазып жатыр. Дүлей апат салдарынан ол кезде 230 адам қаза тапқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!