Қостанай: Панажайда иттерді улағандар іздестіріліп жатыр
Қостанайда панажайдағы иттерді жаппай улап өлтіргендер іздестіріліп жатыр. Тіпті еріктілер қастандық жасағандар туралы мәліметке қомақты сыйақы тағайындаған.
Автор: Сәбит Әлдебай
07.10.2024
Әлеуметтік желіде тараған видеода уланған иттердің әр жерде арам қатқан. Олардың арасында жақын маңдағы тұрғындардың да иті бар. Уланған төрт аяқты үй жануарының саны оннан асады. Еріктелер өлген итті әр жерден тауып жинап жатыр. Олар бұл қылмысты істеген күдікті аумақтағы ешбір бейнебақылау камерасына түспеген дейді. Сондықтан жіті дайындалған деп болжайды.
Карина Базарбаева, Қостанай облысы ПД баспасөз хатшысы:
— Иесіз үй жануарларына арналған панажайда өлген иттерді тапқан. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жайды анықтау үшін қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!