{metadescription}
КТК арнасы дәрігерлер өмірін сипаттайтын «Мұрагер» сериалын ұсынады
КТК арнасы дәрігерлер өмірін сипаттайтын «Мұрагер» сериалын ұсынады

КТК арнасы дәрігерлер өмірін сипаттайтын «Мұрагер» сериалын ұсынады

КТК-да жаңа сериал. Бүгіннен бастап эфирде дәрігерлердің өмірін сипаттайтын телехикая басталды.

«Мұрагер» сериалы дәрігер мамандығының қызығы мен шыжығынан бөлек, ақ халатты абзал жандардың жеке өмірінен де сыр шертпек. Басты кейіпкер біреу емес, бірнеше дәрігер. Сериал қарапайым оқиғадан бастау алғанымен, көп ұзамай, жас қыз бен тәжірибелі дәрігердің көрермен күтпеген жерден тағдыры бір арнаға тоғысады. Басты рөлдерде Әлия Жанатқызы мен Ринат Досшыбеков. 12 бөлімнен тұратын телекартинада маскүнемдік, нашақорлық пен құмар ойындарға тәуелділік мәселелері де қозғалған. Көркем туындыны дүйсенбіден жұмаға дейін кешкі сағат алтыда тамашалай аласыздар. Ал сериалдың алғашқы бөлімін өткізіп алсаңыз, КТК ютуб арнамыздан көрсеңіз болады.

Ринат Досшыбеков, актер:

Менің образым қазіргі заманға сай. Қазір ондай жағдай көп. Өзі бизенесмен. «Алтын көрсе, періште жолдан таяды» деген. Қарап тұрсаңыз, жағдайы жақсы, бәрі дұрыс. Бірақ соңында түзу жолдан таяды. Не жетпеді, бәрі бар, бәрі істелініп жатыр. Байыған үстіне байысам деген, тағы да болса екен деген құлқынын тыя алмаған адамның образы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.