{metadescription}
Атырау облысында қамыс өртеніп жатыр
Атырау облысында қамыс өртеніп жатыр

Атырау облысында қамыс өртеніп жатыр

Атырау облысында қамыс өртеніп жатыр. Құрманғазы ауданындағы ондаған гектар аумақты жалын шарпыған. От ошақтары Каспий теңізіне жақын сулы-батпақты, жолсыз жерде болғандықтан, өрт сөндірушілер мен техника жете алмай жатыр.

Төтеншеліктер өртті өшіру үшін тікұшақпен су шашып жатыр. Әзірге өрт жарты гектар аумақта сөндірілген. Тілсіз жаудың елді мекендерге таралу қаупі жоқ, дегенмен күні-түні кезекшілік қойылды. Қазір мамандар жол талғамайтын көлікпен өрт болған жерге барып, сөндіруге барын салып жатыр.

Айсұлу Келдіғалиева, Атырау облысы ТЖД баспасөз хатшысы:

Жану ошақтарын сөндіру мақсатында"Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы сағат бестен бастап 30 тоннадай су шашты.

Сонымен қатар 24 қызметкер ТРЭКОЛ автокөлімен оқиға орнына жетті. Мотопомпадан су берілді. Өрт сөндіру құралдары толық іске қосылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде