{metadescription}
Референдум қорытындысы: Дауыс бергендердің 71,12 пайызы АЭС салуды қолдады
Референдум қорытындысы: Дауыс бергендердің 71,12 пайызы АЭС салуды қолдады

Референдум қорытындысы: Дауыс бергендердің 71,12 пайызы АЭС салуды қолдады

Референдумның ресми қорытындысы жарияланды. Орталық референдум комиссиясының есептеуінше, дауыс берушілердің 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдаған.

Дауыс беруге құқығы бар 12 миллионнан астам адамның 63,66 пайызы референдумға қатысқан. Яғни 7 820 204 отандасымыз өз таңдауын жасады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың шамамен 5 жарым миллионы елімізде атом электр станциясын салу мәселесін қолдады. 

Ал қарсы дауыс бергендердің саны – 2 045 271.

Сондай-ақ 130 267 бюллетень жарамсыз деп танылған. 83 мыңға жуық бюллетеньде жауаптардың екі нұсқасы да таңдалыпты. Сондықтан олар есепке алынбаған.

Осылайша референдумда қойылған мәселе бойынша шешім қабылданды деп есептеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.