{metadescription}
Елімізде газ қымбаттауы мүмкін
Елімізде газ қымбаттауы мүмкін

Елімізде газ қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда газ қымбаттауы мүмкін. Депутаттар көгілдір отын үшін дифференциал тариф енгізуді ұсынып отыр. Яғни газды белгілі бір көлемнен көп пайдаланса, төлемі де жоғары болмақ. Мәжілісте депутаттар газбен жабдықтау және тауар газды үнемдеуге қатысты заң жобасын қызу талқылады.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, Мәжіліс депутаты:

Тым болмаса, табиғи газды пайдалануда қауіпсіздікті күшейтуді ойластыру керек. Бұл ең маңызды мәселе. Біз неге үнемі тариф ,тариф дейміз. Қараңыздаршы, күнде біреуі жарылып, енді біреуі күйіп кетіп жатыр. Уланып жатқандар қаншама?!

Депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов қауіпсіздікті сақтау үшін алдымен бұрын тарап кеткен, газ инспекциясын қайта құруымыз керек дейді. Өйткені 50 жыл болған ескі газ баллонын пайдалану қайғылы жағдайларға әкеліп отыр. Газ құятын станциялар жұмысын да тексеріп жатқан жан жоқ деді. Халық қалаулылары бұл мәселемен келісіп отыр. 

Ал депутат Екатерина Смышляева газ тұтынудың бірнеше сатылы лимиті белгіленетінін айтты. Соның ішінде үнемді тұтыну тәсілі тұрмыстық газ тұтынатын 2,2 млн абонентке қолданылуы мүмкін. Олар жыл сайын 4,4 млрд текше метр газ жағады екен. Аталған санат нормадан артық мөлшерде газ жақса, қалыпты тариф қымбат шығуы мүмкін. Бірақ нақты тариф әлі белгіленген жоқ.

Екатерина Смышляева, Мәжіліс депутаты:

Тарифті көтеру мәселесі емес, бұл жерде газды үнемді пайдалану. Үнемдей білсе, тұтынушыға бағасы да тиімді болады. Мәселен, электр энергиясында үш тариф бар. Тұтынушылар бағасы қымбат 3-ші тарифпен төлемес үшін үнемдеуге тырысады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде