{metadescription}
Жамбыл облысы: 119 Қытай азаматы зауытта заңсыз жұмыс істеген
Жамбыл облысы: 119 Қытай азаматы зауытта заңсыз жұмыс істеген

Жамбыл облысы: 119 Қытай азаматы зауытта заңсыз жұмыс істеген

Жамбыл облысындағы зауытта заңсыз жұмыс істеп жүрген 119 Қытай азаматы қамауға алынды. Сарысу ауданында салынып жатқан сода өндіретін зауыт құрылысын салуға келген кейбір шетелдіктің құжаты жоқ болып шықты.

Оларды кәсіпорын аумағынан Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері мен полиция бірлесіп ұстады. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша құжаттары тексеріліп, ел аумағында заңсыз жүргені анықталды. Басым көпшілігінің жұмыс визасы жоқ. Көші-қон заңнамасын бұзғандарға қатысты 28 хаттама толтырылды. 

Қазір Сарысу ауданының соты Қытайдың 16 азаматын елден шығару туралы шешім шығарды. Тексеру әлі жалғасып жамтыр.

Ерлан Ермағанбетов Сарысу ауданы әкімінің орынбасары: 

Рейдте Сарысу ауданына қарасты Сорбұлақ тас жолы бойында орналасқан «Қазақ сода» кәсіпорнында жұмыс істеп жүрген 119 қытай азаматы полиция бөліміне жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.