{metadescription}
Делдал компанияның кесірінен 20-дан астам қызылордалық жаяу қалған
Делдал компанияның кесірінен 20-дан астам қызылордалық жаяу қалған

Делдал компанияның кесірінен 20-дан астам қызылордалық жаяу қалған

Қызылордада көлігін сатпақ болған тұрғындар сан соғып қалды. Олар темір тұлпарларды «сұраған бағаңызға сатып береміз» деген автосалон қызметкерлерінің сөзіне сендік дейді. Сол делдал компанияның кесірінен 20-дан астам қызылордалық жаяу қалды. Сатуға берген көліктері де, ақша да жоқ. Алданғандар полиция арыз жазғанымен, әзірге еш нәтиже жоқ.

«Көлігіңді сатып береміз» деген автосалон иелері тұтынушыларын интернет желісіндегі қосымша арқылы тапқан. Қаржыдан қиналып арзан бағаға көлігімді сатамын деп жарнама берген жандарға салон қызметкерлері хабарласып, қымбатқа өткіземіз деп уәде берген көрінеді. Бұған сенген тұрғындар өз техникасы автосалонның атына рәсімдеп берген.

Қайрулла Табикабилов:

 - Автосалон «шартқа отырасыз, біздің директордың атына аударып бересіз, содан кейін келісімшартпен 14 күннің ішінде ақшаңызды тауып береміз» деді. Сатылсын-сатылмасын, 14 күннің ішінде мен сізге 14 миллион теңгені шотыңызға түсіріп беремін» деді. Мне, бір айдан асты, олардан еш хабар жоқ, 100 теңге де берілген жоқ.

Амадулла Жалмұрзаев:

 Көлігіміз қалада басқа нөмірмен жүр. Біреу сатып алған, ол заңды түрде сатып алған. Мынадай адамға қалай лицензия беріп отыр?! Халықтың көлігін сатуға қандай құқығы бар?! Бұл деген таза алаяқтық қой!

Алданған азаматтар полицейлерге арыз түсіріп, алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ал автосалонның есігіне құлып салынған. 

Талант Қазыбекұлы, Қызылорда ПБ бастығының орынбасары:

Қызылорда полиция басқармасы ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеп, тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Ол басқарма бастығының қатаң бақылауында.

Полиция басқармасындағылар алданғандар бұдан да көп болуы мүмкін дейді. Өйткені арыз-шағым әлі түсіп жатыр. Ал көліксіз қалған қызылордалықтар тергеу тезірек аяқталып, кінәлілер жазасын алса деп талап қойып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.