{metadescription}
Семейде Сібір бекіресін жасанды жолмен көбейтуді қолға алды
Семейде Ертіс өзеніндегі балық қорын молайту қолға алынды. Ең бірінші болып, өзенге Сібір бекіресінің 128 мың шабағы жіберілді.
Автор: Ұлан Нұрахмет
08.10.2024
Сібір бекіресі Ертіс өзенінде бұрын да болған. Бірақ су электр станциясының құрлысына байланысты азайып кетіпті. Сондықтан мамандар балықтың бұл түрін жасанды жолмен көбейтуді қолға алды. Ертіс өзенінің Шаған ауылының тұсына жіберілген бекіре шабақтарының салмағы 20 және 200 грам аралығында. Қызыл кітапқа енгізілген бұл су жәндіктерінің уылдырық шашып көбеюіне 7-8 жыл уақыт кетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!