«Мұрагер» сериалы — дәрігерлердің қарбалас өмірі жайлы
Көрермен көзайымына айналып үлгерген «Мұрагер» телехикаясының көрсетілімі КТК арнасынан көрсетіліп жатыр. Жаңа кинокартина дәрігерлердің қарбалас өмірін баяндайды.
Автор: Ақтоты Жұмабек
08.10.2024
Туындыда дәрігерлердің ауруханадағы және жұмыстан тыс өмірі де көрсетіледі. Мелодраманың сюжеті акушер-гинеколог маманның айналасындағы күнделікті жұмысын көрсетеді.
Шығармашылық ұжымның басты мақсаты — ақ халатты абзал жандарды дәріптеу, сол арқылы елдегі демографиялық жағдайды жақсарту, салауатты өмір салты мен отбасы құндылықтарын насихаттау. Кейіпкерлері сан-алуан, қалтарыстағы түрлі оқиғала, қиындықтар, шиеленісті шешу жолы. 12 бөлімнен тұратын жаңа телехикаяны дүйсенбі мен жұма аралығында кешкі сағат 6-да КТК арнасынан тамашалай аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!