{metadescription}
Шымкентте туған алты жарым келі сәбиге Тәуекел деп ат қойды
Шымкентте туған алты жарым келі сәбиге Тәуекел деп ат қойды

Шымкентте туған алты жарым келі сәбиге Тәуекел деп ат қойды

Шымкентте алып сәби дүниеге келді. Ай-күніне жетіп туған шақалақтың салмағы алты жарым келі, бойы 63 сантиметр. Ұлын өзі босанған анасы да баланың алып болып туылғанына таңқалып отыр.

Альмира Жандарбекова:

Екіқабат кезімде баламның ауыр салмақта екенін сезетінмін. Бірақ алты келі болады деп ойламадым. Өзім де таңқалдым, 6 келі 500 грамм деген кезде. Бір күн бұрын УЗИ-ге түскен кезде бес келі 200 деп айтқан.

Шақалаққа әкесі Тәуекел деп ат қойыпты. Осыған дейін төрт қыз бір ұл тәрбиелеп отырған 31 жастағы анасы өзге балаларының да салмағы 4-5 келі аралығында болғанын айтады. Әзірге перзентханада жатқан Тәуекелдің тәбеті жақсы, ұйқысы тыныш. Денсаулығын тексерген дәрігерлер бала сап-сау дейді. Мамандардың айтуынша, алты келіден асып туылатын шақалақтар сирек кездеседі. 

Бақытжан Позилов, №2 Шымкент ауруханасының бас дәрігері:

Күйеуі жанында отырды. Ана жерде бүкіл дәрігерлер сасқалақтап болды. Өйткені бала үлкен боп туылды. Біз ойлағанбыз, 7-8 келі ме деп, алты жарым екен. Баланың жағдайы жақсы, дәрігерлер қарап жатыр. Анасының көңіл күйі жақсы. Үйінде бес бауыры күтіп отыр, төрт қыз бір інісі бар екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде