Тимур Сүлейменов: «Доллар сұраныстан күшейеді, уайымдауға еш негіз жоқ»
«Сұраныс болған соң, доллар күшейді, бірақ уайымдауға еш негіз жоқ» - дейді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов. Бүгін валюта бағамы біршама тұрақталып, ақша айырбастау орындарында Америка ақшасы 484- 486 теңге төңірегінде сатылуда.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
11.10.2024
Доллар бағамының апта басында аспандап кетуіне себеп көп. Біріншіден, кәсіпкерлік субъектілерінің долларға деген сұранысы айтарлықтай артқан. «Ірі компаниялар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері долларды көптеп сатып ала бастаған»,- дейді Ұлттық банк басшысы. Оның айтуынша, жылда осы уақытта доллар бағамы біршама жоғарылап барып сабасына түседі. Сонымен бірге қазір шетелмен түрлі келісімшарт жасалып жатқанын, соның негізінде елге шикізат пен түрлі жабдықтар, технология шетелден импортталатынын айтты. Осының бәрі долларға деген сұраныстың артуына ықпал етеді. Алдағы күндері теңге тұрақтанады деп отыр төраға.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
— Осы айда рекорд деңгейде — 1 де 3, 1 де 4 млрд доллар сататын боламыз. Ұлттық қордан, бюджет үшін. +Сондықтан доллар жеткілікті болмақ. Қазір байқалып жатқан құбылмалы үрдіс тежейді, баяулайды. Бізге еш проблема болмайды. Жалпы фундаментал және нарық жағынан уайымдайтын, алаңдайтын фактор жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!