{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркменстанға сапарында халықаралық форумға қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркменстанға сапарында халықаралық форумға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркменстанға сапарында халықаралық форумға қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркменстанға сапарында халықаралық форумға қатысты. Ашхабадта өтіп жатқан түрікмен ақыны Мақтымқұлының 300 жылдық мерейтойына арналған үлкен жиынға жалпы тоғыз елдің президенті келген.

Президент күні кеше түрікмен астанасының қақ төрінен қазақтың ұлы ойшылы Абайға арналып ескерткіш ашылғанын атап өтіп, бауырлас елге зор ризашылығын білдірді. Жалпы әлемде геосаяси жағдай ушығып, пікірлер текетіресі туындаған алмағайып заманда ұлы ойшылдарымыздың айтқанын ұлықтап, сол бағытпен жүріп отыру жарқын болашақтың кепілі, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жылдары сауда-экономикалық қарым қатынастарда қос ел арасында айтарлықтай ілгерілеу бар. Қазақстан Түркменстанға экспорттың жалпы көлемін 80 тауар бойынша ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Қазір әлемдегі геосаяси жағдай ушығып тұр. Түрлі жаһандық сын-қатер туыпдап болып жатыр. Осындай күрделі кезеңде ұлы ойшылдың рухани мұрасы айрықша өзекті. Мақтымқұлы поэзиясы терең гуманистік ойға толы. Ақын өз шығармаларында бейбітшілік өзара сенім мен құрмет сияқты мызғымас құндылықтарды дәріптейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде