{metadescription}
Мыңнан астам оқушысы бар мектепте стоматология кабинеті ашылады
Мыңнан астам оқушысы бар мектепте стоматология кабинеті ашылады

Мыңнан астам оқушысы бар мектепте стоматология кабинеті ашылады

Мектептерде стоматология кабинеті ашылады. Басты талап — білім ордасында 1000-нан астам оқушыдан кем болмауы тиіс. Бастаманы денсаулық сақтау мен оқу-ағарту министрлігі ұсынып отыр.

Елдегі алты облыста 98 стоматология кабинеті бар екен. Мамандар мектеп жасындағы балалар тіс гигиенасына жүрдім-бардым қарайды дейді. Сондықтан ауыз қуысы патологиясы ауруларын ерте анықтау, тістің бүтін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Кабинеттер ашылған соң, бастауыштан бастап оқушылардың тістері кезең-кезеңімен тексерледі.

Қос министрлік осы ретте балалардың ас-ауқатына да көңіл бөлмекші. Себебі шағын кәсіпкерлерді тексеруге мораторий жарияланғандықан, соңғы жылдары мектеп асханасына тендер ұтып алған компанияларға тіс батыруға құзырлылардың дәті бармаған. Енді жағдай өзгеріп, жауапты сала басшылары астың құнарлы, бойға жұғымды болуын қадағалаймыз деп сендіріп отыр.

Сәуле Есембаева, ҚР ДСМ штаттан тыс бас тіс дәрігері:

Баланың ең алғашқы тістеріне селқос қарау дұрыс емес. Біз бұл кабинетте тісжегінің алғақшы түрін анықтап, емдеп, бітеп бере аламыз. Ал егер асқынған жағдайда тиісті маманға жібереміз. Тісті дер кезінде емдемегендіктен, көп жасөспірімнің тісі қисық өсіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде