{metadescription}
Жамбыл облысында алқаптарға соқа салудан халықаралық жарыс өтіп жатыр
Жамбыл облысында алқаптарға соқа салудан халықаралық жарыс өтіп жатыр

Жамбыл облысында алқаптарға соқа салудан халықаралық жарыс өтіп жатыр

Жамбыл облысында трактор тізгіндеп, алқаптарға соқа салудан халықаралық жарыс өтіп жатыр. Оған көршілес Өзбекстан мен Қырғызстаннан жұмысшы мамандарын оқытатын кәсіптік колледж студенттері шақыртылған.

Алқап басындағы аламанда 10 команда өзара бақ сынасты. Механизатор мамандар мұнда кез келген техниканың тілін тауып, берілген жер телімін өңдеуі тиіс. Сондай-ақ қатысушылар трактор агрегаттарын ауыстырып, шабындықты шашау шығармай жинауы қажет.

Меркі ауданындағы №9 кәсіптік колледжде өткен шарада Жамбыл облысының жас мамандары үздік атанды. Ал екінші жүлделі орын Батыс Қазақстан облысының командасына бұйырса, үшінші орынды Түркістан облысынан келген тракторшылар жеңіп алды.

Рауан Садырқұлов, Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы:

Өзбекстан, Қырғызстан елінен келген үміткерлеріміз де өз ісінде осал емес екенін көрсетіп отыр. Дегенмен біздің мамандарымыз да ешкімнен кем қалмады. Өз ісінің маманы екенін көрсете білді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде