{metadescription}
Қазақтілді бизнес өкілдері табысқа жету құпиясымен бөліседі — Sana business forum
Қазақтілді бизнес өкілдері табысқа жету құпиясымен бөліседі — Sana business forum

Қазақтілді бизнес өкілдері табысқа жету құпиясымен бөліседі — Sana business forum

400 кәсіпкердің басын біріктіретін ауқымды жоба. Алматыда осы жексенбіде қазақтілді бизнес өкілдері табысқа жету құпиясымен бөліспек. Sana business forum — кәсібін жаңа деңгейге көтергісі келетіндер үшін таптырмас мүмкіндік. 

Мұнда бизнес саласындағы жаңа трендтер мен кездесетін қиындықтар тек мемлекеттік тілде талқыланады. Кәсіпте табысқа жеткен спикерлер сын сағатта тығырықтан шығу жолдарын көрсетеді. Еліміздің түкпір-түкпірінде, сондай-ақ шетелде табысты жұмыс істеп жатқан бизнесмендер «Даму. Инновация. Серпіліс» блоктарында баяндама жасамақ.

Шара биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Sana business forum осы жексенбіде таңғы 9-да ашылады.

Мақсат Халық, Sana business forum ұйымдастырушысы:

 – Форумның негізгі мақсаты – қазақтың іскерлік ортасын қалыптастыру, ұлттық буржуазияны құру. Өйткені орта тап өкілдері мықты болса, онда ел іргесі де мықты болады. Ол елдің экономикалық өсімі де жылдамдайды. Іскерлік орта   экономиканың негізгі күре тамыры.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде