{metadescription}
Сарапшылар: Елбасының жарлықтары тарихқа біраз өзгеріс әкелді
Сарапшылар: Елбасының жарлықтары тарихқа біраз өзгеріс әкелді

Сарапшылар: Елбасының жарлықтары тарихқа біраз өзгеріс әкелді

Өткенге терең үңілу. Алматыда 90-жылдары қабылданған маңызды реформаларды талқылау кезінде сарапшылар осылай дейді. Ғалымдар сол кезеңде Президенттің қабылдаған жарлықтары тарихқа біраз өзгеріс әкелді деп отыр.

Марат Шибутов, «Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» қоғамдық қоры директорының орынбасары:

Бүгін бізде Қазақстанның жаңа тарихындағы бетбұрыс кезеңдеріне қатысты алтыншы алқа жиын өтіп жатыр. Біздің заманымыздағы тарихи күндер мен маңызды оқиғаларды талқылаймыз. Яғни 1995-96 жылдардағы қабылданған реформаларды еске түсіреміз. Негізінде сол уақытта тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев заңды күші бар 134 жарлық шығарған. Соның елімізге әсері туралы айтамыз.

Мамандар сол жылдары қабылданған қаулылар мемлекеттігімізді нығайтты дейді. Атап айтқанда, саяси, экономика және құқық қорғау жүйесі жанданған. Тарихи маңызы бар шешімдер жасалып, саяси бағдар өзгерді. Әлеуметтанушылардың айтуынша, соның бәріне қайта үңіліп, кеңінен зерттеу қажет. Алқа жиын Халықаралық әлеуметтану және саясат институтының ұйымдастыруымен өтті.

Айнұр Бақытжанова, әлеуметтанушы:

Алқа жиынның басты мақсаты тарихи оқиғаның өзектілігін анықтау. Алдағы уақытта талқылауға ұсынатын мәселе 1995-1996 жылдары болған оқиғаларды қайта қарастыру, зерттеу. Қазір болып жатқан мәселелерді, мүмкін сол кездегі тәжірибемізді алып, қазіргі кездегі мәселерді шешу мүмкіндігіміз болар ма еді деген ойдамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде