{metadescription}
Дүкен Мәсімханұлының «Алтай би» атты дастаны жарыққа шықты
Дүкен Мәсімханұлының «Алтай би» атты дастаны жарыққа шықты

Дүкен Мәсімханұлының «Алтай би» атты дастаны жарыққа шықты

Алматыда ел бірлігін еселеген Алтай би Найманбайұлына арналған ақын, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүкен Мәсімханұлының «Алтай би» атты дастаны қалың оқырманға жол тартты. Игі іске Алтай Найманбайұлы қоғамдық бірлестігі ұйытқы боп отыр.

Ұлттық кітапханада өткен тұсаукесерге әдебиет сүйер қауыммен қоса қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар қатысты. Шығармада ойға көсем, сөзге шешен, әділдіктің туын биік ұстаған Алтай бидің батылдығы мен Жетісу өлкесін жоңғар шапқыншылығынан қорғауда көрсеткен ерліктері баяндалыпты.

«Бұл еңбек Алтай Найманбайұлының ерлігін дәріптеуде атқарылып жатқан басты іс-шаралардың бірі» - дейді ұйымдастурышлар. Алаштың рухын оятатын дастан 11 бөлімнен тұрады. Әзірге үш мың данамен шықты.

Дүкен Мәсімханұлы, ақын, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Жоңғарды қазақ даласынан түбегейлі қуып шығуға, қазақ даласын түбегейлі азат етудің бас қасында болған Алтай би Найманбайұлы. Екінші дүниежүзілік соғыста да әрбір батыр осындай құрметке лайық. Әр батырдың өмір жолын айшықтап, ғылыми айналымға енгізіп, сонымен қатар көркем шығарма арқылы өскелең ұрпақтың жүрегіне ұсынсақ. Бұл ертеңгі күні отаншылдық, патриотизм осындайдан қалыптастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.