{metadescription}
«Бес баланың өлімі». Бейтаныс еркек пеш жағып кеткен
«Бес баланың өлімі». Бейтаныс еркек пеш жағып кеткен

«Бес баланың өлімі». Бейтаныс еркек пеш жағып кеткен

Бейтаныс еркек кеп, пеш жағып кеткен. Еңбек министрі Қостанайда тірідей жанып кеткен бес баланың өліміне қатысты тың ақпаратты бөлісті.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Бұл отбасы атаулы әлеуметтік көмек алатын. Аналары екі рет тұрмыста болған. Балаларының тегі әртүрлі. Өткен мамыр айында көпбалалы ана мәртебесін алып, «Күміс алқа» иегері атанған. Жазда 330 мың теңге алимент және бір тоқсанға 290 мың теңге әлеуметтік атаулы көмек алыпты. Бірақ сол күні балаларын тастап қалаға неге кеткені маған беймәлім. Білуімше, 1995 жылы туған ер адам кешкі 9-да пеш жағып кетіп қалған.

Ересегі 13 жастағы баланы шиеттей бес бауырымен тастап, анасының қалаға не үшін кеткені әзірге белгісіз. Бөтен ер адамды пеш жағуға анасы жіберген екен. Басқа ақпаратты, тергеу жүріп жатқандықтан айта алмаймын, дейді министр.

11 қазанда таңғы сағат төрт жарым шамасында Жітіқарадағы жеке үйлердің бірінде өрт болған.Осы кезде 13 жастағы жеткіншек көршілеріне хабар беруге жүгіріп шыққан. Өкінішке қарай, бес баланы өрттен ешкім құтқарып қала алмаған. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде үйдің шаңырағы ортасына түсіпті. Алдын ала болжам бойынша, өрт пештен шыққан көрінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде