{metadescription}
0:000:00
Қарағанды облысы: Сарандағы жаңа жылу орталығы қысқа дайындықсыз болып шықты

Қарағанды облысы: Сарандағы жаңа жылу орталығы қысқа дайындықсыз болып шықты

Қарағанды облысының Саран қаласындағы жылу орталығы істен шықты. Биыл ғана пайдалануға берілген қазандықты іске қосуда олқылықтар кетіп жатыр дейді шенеуніктер. Енді жұртты жылусыз қалдырмас үшін бұрын қолданыста болған пештерді қайта іске қосып жатыр.

Саран тұрғындары үйдегі суыққа шыдамай, далаға шығып бой жылытып жүр. Айдың басында жылу берілгенімен, соңғы күндері біржола жоғалған. Сөйтсе, судай жаңа жылу орталығы аяқ астынан істен шыққан. 9 миллиард теңге жаратып, құрылысы 13 жыл жүргізілген жылу орталығының көпке ұзамай сыр бергеніне тұрғындар да таң.

Дегенмен қала басшылығы бұл жаңа құрылғылардың алғашқы қосылуында болатын әдеттегі жағдай дейді. Жүйеге су толтырып, оны бірқалыпты қыздырып, қажет шегіне жеткізуге уақыт керек екен. Тамыз айынан бері осындай дайындық жүргізбегендерін жасырмайды. Сондықтан орталықтан жылытылады деп есептен шығарып тастаған қаладағы 20-дан аса қазандықты қайта жағуға тура келді. Енді оған көмір мен су тасып әлекке түсіп жатыр.

Еркін Баулықов, Саран қаласының әкімі:

Тұрғын үйлерге жылу мардымсыз барып тұр. Бұл күннің күрт суытуынан. Қазір қазандық 54, 56, 60, 70 градус қана беріп жатыр. Температура ақырындап көтеріледі. Көтерілген сайын қазандықтың автомат жүйесін дағдыландыру керек. Ол уақыт алады. Сондықтан осы уақыт аралығында жұрт тоңбасын деп, кішкене қазандықтарды қайта іске қосып жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.