{metadescription}
Өткен демалыста көктайғақтан көлік апаты жиілеп, көп адам зардап шеккен
Өткен демалыста көктайғақтан көлік апаты жиілеп, көп адам зардап шеккен

Өткен демалыста көктайғақтан көлік апаты жиілеп, көп адам зардап шеккен

Демалыс күндері еліміздің солтүстік аймақтарында алғашқы қар жауып, көктайғақта көлік апаты жиіледі. Мәселен Астанада 179 апат тіркелсе, Көкшетау қаласында 49 көлік соғылған. Ал, жалпы Ақмола облысында 2400 жол көлік оқиғасы тіркелген. Зардап шеккендер мен адам шығыны да бар.

Әлия Біләлова, Ақмола облысы ПД жетекші маманы:

Қар түсуіне және көктайғақтан11-13 қазан аралығында Көкшетау жолдарында 49 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Негізінен автокөлік құралдары зақымданды.

Жазғы дөңгелегін ауыстырып үлгермеген жүргізушілерге ауа райының күрт құбылуы аз шығын әкелген жоқ. Айнадай жарқыраған жол үстінде ырық бермей, күйреп қалған көлік те аз емес. Ал қаладағы дөңгелек ауыстыратын жердің бәрінде ұзын-сонар кезек байқалды.

Көкшетау қаласының маңайындағы облыстық, республикалық маңызы бар тас жолдар жабылып, көлік қатынасы тоқтады. Солтүстік Қазақстан облысындағы тас жолдарда жүк көліктері жүре алмай, жеңіл көліктер жолдан шығып кеткен. Ақ қар6 көк мұзда тізгініне ие болмай аударылып жатқаны да баршылық.

Степногор мен Жақсы ауданында көктайғақтан жүргізушілер екі адамды қағып кетті. Өкінішке қарай, екі жаяу жүргінші де оқиға орынында көз жұмған.

Астанада да тайғақта, көлік апаттары көп тіркелген.

Бауыржан Бәкір, Астана ПД инспекторы:

Өткен демалыс күндері астана жолдарында 179 жол көлік оқиғасы болды. 15 адам жарақат алды. Көліктердің жазғы дөңгелекпен жүргенін ескере отырып, полиция департаменті жүргізушілердің мұқият болуға, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауға, тежегішті кенет басудан аулақ болуға, аралық пен бүйірлік ара қашықтықты сақтауға, көлікті арнайы орынға қоюға және жол үстіне қалдырмауға, патруль полиция қызметкерлерінің талабын орындауға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде