{metadescription}
Қазақстан азаматтығын алуда жаңа ереже бекітілді
Қазақстан азаматтығын алуда жаңа ереже бекітілді

Қазақстан азаматтығын алуда жаңа ереже бекітілді

Қазақстан азаматтығын алу үшін қанша сұраққа дұрыс жауап беру керек? Көк құжатқа қол жеткізгісі келетіндер үшін ғылым және жоғары білім министрлігі арнайы ережені бекітті.

Құжатқа сәйкес, кез келген шетелдік азаматтықты алу үшін немесе қалпына келтіру үшін емтихан тапсыратын болды. Ол сынақ арқылы мемлекеттік тілімізді қарапайым деңгейде білетінін ділелдеуі қажет. Қазақ тілі бойынша келетін 60 сұрақтың кемі 36-сына дұрыс ғана жауап беруі керек. Мемлекеттік тілден бөлек, еліміздің өткеніне де тереңірек үңілетін болды. Тарихтан, ең аз дегенде, 15 ұпай жинауы керек.

Ата заңымыздағы баптарды білу де міндеттелді. Яғни Конституция негіздері бойынша 9 балл алуға тиіс. Осылайша 100 сұраққа берілетін екі сағат он минуттың ішінде үміткер жалпы 60 ұпай жинаса ғана Қазақстан азаматтығын ала алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.