{metadescription}
Бостандығы шектелген Дәулет Тұрлыхановтың ұлы тойда көзге түсті
Бостандығы шектелген Дәулет Тұрлыхановтың ұлы тойда көзге түсті

Бостандығы шектелген Дәулет Тұрлыхановтың ұлы тойда көзге түсті

«Жазасы ауырлауы мүмкін». Бас бостандығы шектелген депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы тойда көзге түсіп, тағы да елді шулатты.

 Жоғарғы сот екі жылға шартты мерзім кескен Нұрасыл Болаттың Алматыда бір блогер қыздың мейрамханада өткізіп жатқан туған күн кешінде отырған видеосы тарады. Заң бойынша сағат түнгі оннан кейін сотталушы үйінде отыруға тиіс. Пробация бақылауына бағынбағаны үшін енді Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бас бостандығынан айыру жазасына дейін қатаңдату туралы сотқа жүгінді.

Еске салсақ, мәжілісменнің баласы былтыр ерлі-зайыпты екі адвокатты соққыға жығып жаза арқалаған.

 Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті:

Сотталған адам бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жатыр және Алматы қаласының пробация қызметінде есепте тұрады. Пробация бақылауын бұзу фактісі бойынша сотталған адамға ескерту жасалды, жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін сотқа материал дайындалып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде